Ссылки доступа

Оппозициялық «Алға, Қарақалпақстан» қозғалысына Өзбекстанда тыйым салынды


Өзбекстан Жоғарғы соты қозғалысты «экстремистік ұйым» деп танып, оның ел аумағындағы қызметіне тыйым салды.

Бұл туралы «Мемориал» орталығы Орталық Азия бағдарламасының директоры Виталий Пономорев хабарлады. Оның айтуынша, сот осындай шешімді 22 ақпанда шығарған.

Құқық қорғаушы қозғалыс туралы мәліметті 6 маусымда Хельсинки адам құқықтары жөніндегі қорының түркімен сайтында жариялаған.

Жоғарғы сот қаулысы ашық дереккөздерде жоқ.

Соттың осындай шешім шығарғаны Парахат Мұсапбаров ісіне қатысты сот отырысы кезінде мәлім болған. Биыл 30 мамырда сот Мусапбаровты алты жылға соттаған. Белсендіге тыйым салынған ұйым жұмысына қатысты деп айыпталған. Сот үкім шығарарда Жоғарғы соттың «Алға, Қарақалпақстанға» тыйым салу туралы шешіміне сүйенген.

Парахат Мұсапбаров биыл ақпанның аяғында ұсталған. Оның үстінен қозғалған қылмыстық істе «Алға, Қарақалпақстан» қозғалысына тыйым салу туралы шешім алғаш рет айып тағуға негіз болса керек.

X әлеуметтік желісіндегі Alga Qara'qalpaqstan аккаунты Өзбекстанда «құпия сот» «Қарақалпақстан демократиялық партиясын» «экстремистік» деп танып, оның қызметіне тыйым салу туралы шешім шығарғанын жазды.

«Алға, Қарақалпақстан» қозғалысы 2008 жылғы қыркүйекте құрылған. Қозғалыс жетекшісі Аман Сағидуллаев 2023 жылғы 10 мамырда Өзбекстанда 18 жылға сырттай сотталған.

XS
SM
MD
LG