Ссылки доступа

Өзбекстанда блогер Мұрад Мақсұдов 7,5 жылға сотталды


Ташкенттің Яшнабад аудандық соты 4 маусымда блогер Мұрад Мақсұдовты 7,5 жылға соттады. Бұл туралы Ташкент сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін де сотталған 42 жастағы Мұрад Мақсұдовқа «жала жабу», «аса ірі көлемде ақша бопсалау», «өзгенің ақшасын иемдену» айыптары тағылған.

«Эзгулик» құқық қорғау қоғамының басшысы Абдурахман Ташановтың хабарлауынша, сот жабық өткен.

Мақсұдов 2023 жылғы қазанда ұсталған. Сол кезде оны ұстауға несие төлеуді кешіктіру себеп болған, бірақ блогер банкпен арадағы мәселе шешілгенін айтқан.

Бұрын Мақсұдов ішкі істер органдарында істеген, сонымен бірге «Эзгулик» ұйымында құқық қорғаушы болып істеген.

XS
SM
MD
LG