Ссылки доступа

Пәкістандық хакерлік топ Қырғызстанның жүздеген мың азаматының жеке мәліметін жариялады


Team Insane Pakistan деп аталатын хакерлік топтың мәлімдеуінше, 600 мыңнан астам қырғызстандық пен компанияның мәліметтерін алғанын, жариялағанын мәлімдеді.

Бұл туралы хакерлер 22 мамырда өзінің Telegram мессенджері мен Facebook әлеуметтік желісіндегі парақтарында хабарлады.

Хакерлер осы әрекетін 18 мамырда Бішкектегі оқиғаларға «наразылық» деп түсіндірген. Сол күні Қырғызстан астанасында бір топ адам шетелдік студенттерге зорлық көрсеткен.

Хакерлер мәліметтерді нақты қай ресурстан алғанын хабарламады, алайда Азаттық журналистерінің сауалына берген жауабында gov.kg сайтының қосалқы доменін бұзғанын, Жоғарғы сот мәліметтерін алғанын айтқан. Дегенмен Жоғарғы сот Азаттыққа мәліметті растамай отыр.

Хакерлер жариялаған мәліметтер қорын зерттеген Азаттық журналистері онда Қырғызстан азаматтары туралы ескірген, сонымен бірге өзекті мәліметтер барын анықтаған.

XS
SM
MD
LG