Ойын бизнесінің мәселелері жөніндегі заң букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамаларын ғимараттарға, көліктерге жапсыруға, сонымен бірге оларды массмедиада, кино мен видеода, анықтама қызметтерінде жарнамалауға тыйым салады.
Алайда букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамалары спорт ғимараттарының ішінде, спортшылар киімінде, спорттық теле, радио арналар эфирінде, спорт жарыстарын көрсетуге негізделген интернет ресурстарда көрсетуге болады.
Отандық телеарналар халықаралық спорт жарыстарын тікелей эфирде көрсету кезінде букмекерлік кеңселерді, тотализаторларды жарнамалай алады.
Ұялы байланыс операторлары халық арасында электронды ойынхана, интернет ойынхана, сонымен бірге құмар ойындар мен бәсті жарнамайтын хабарламалар тарата алмайды.
Бұған қоса парламент интернет ойынхана қызметін ұйымдастырғандарға қылмыстық жауапкершілік енгізеді. Заң бұзғандар айыппұл төлейді, қоғамдық жұмысқа тартылады, екі жыл бас бостандығы шектеледі немесе мүлкі тәркіленіп, екі жылға сотталады.