Ссылки доступа

Қырғыз саясткері Өмірбек Бабанов журналист Карымшаковты сотқа берді


Бабанов (сол жақта) және Болотмамбет Жээнбеков (оң жақта)
Бабанов (сол жақта) және Болотмамбет Жээнбеков (оң жақта)

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Өмірбек Бабанов журналист Еламан Карымшаковты және "Фрунзе" (қазір "Азия") гипермаркеті желісінің негізін қалаушы Болотмамбет Жээнбековті сотқа берді.

Ол екеуінен ар-ожданын қорғау мақсатында 1 миллион сом моралдық шығын талап еткен. Бұл жөнінде журналистет Facebook парақшасына жазды.

Карымшаков шағымның себебі, өзінің кәсіпкер Болотмамбет Жээнбековтен сұқбат алуы деп түсіндіреді.

24 сәуірде журналист Еламан Карымшаков YouTube каналына Өмірбек Бабановтың бұрынғы серіктесі Болотмамбет Жээнбековтен сұқбат алған. Сұқбат беруші экс-премьер-министр өзін алдап, компанияның 10 млн доллар тұратын 50 процент акциясын тартып алды деген.

Өмірбек Бабанов мұны жалған деп мәлімдеме жасады.

XS
SM
MD
LG