Ссылки доступа

Өзбекстанда бойжеткен 16 қабаттан секіріп қаза болған


Ташкент облысы Алмалық қаласында 19 жастағы бойжеткен 4 маусымда 16 қабаттан секіріп қайтыс болды.

Тұрғындардың шақыруымен келген ішкі істер бөлімінің қызметкерлері оны мұндай қадам жасамауға шақырған. Бірақ олар қызды құтқара алмаған.

Ресми мәлімет бойынша, бойжеткен ол үйде тұрмаған. Газете.uz басылымының жазуынша, үйдің шатырына шығатын есіктің құлпы бұзылған екен.

XS
SM
MD
LG