Таксистің есімі - Аипбек Латипов. Ол Қырғызстаннан келген. Оның көлік жүргізу куәлігін кремлдік Regnum агенттігі жариялады. Ол жолаушылардың ішіп алғанын, өте дөрекі, сосын картамен жасау керек төлемді қолма-қол төлеуге алмастырғанын, оның үстіне 100 шақырымға бармақ болғанын түсіндірген.
Латипов төлем картасын қолма-қол төлеуге өзгерткеннен кейін, төлем жасамай қоя ма деп қауіптенгенін жеткізген. Ол арнайы таксистер тұратын автотұраққа тоқтағанын, ол жерден басқа таксиге отыруға мүмкіндік жасағанын да айтады. Бірақ Украинаға қарсы соғысқа қатысушылар жүргізушіге қол көтерген.
Олар "Крокус Сити Холдағы" терактіні де еске алып, "біз басқа жерде соғысып жатырмыз, ал мұнда жазықсыз адамдарды өлтіріп жатыр" деген.
Таксистің айтуынша, оны жақын жердегі орманға сүйреп әкетпекші болған, бірақ ол қашып үлгерген. Ол полиция шақырған. Бірақ полиция келуден бас тартқан.
Осы жағдайдан кейін Латипов жұмыс істейтін автопарктің иесі онымен жұмыс келісім-шартын бұзған. Ал тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин жүргізушіге қарсы қылмыстық іс қозғауды тапсырған.