Ссылки доступа

Өзбекстан діни басқармасы криптовалюта туралы пәтуәсі үшін кешірім сұрады


Өзбекстан мұсылмандарының діни басқармасы Пәтуі орталығы алдын биткойн, ноткоин және басқа да криптовалюталарды саудалау исламға қайшы деген пәтуә шығарған.

Пәтуә орталығының хабарлауынша, мұндай мәлімдеме әлеуметтік желілерде абайсызда жарияланып кеткен.

«Сауалдар мен жауаптар жобасы әлеуметтік желілерде абайсызда, техникалық қателікке байланысты жарияланып кетті» деп хабарлаған орталық.

Мәліметтерге қарағанда, орталық директоры Шейх Нүриддин Холикназар мен оның орынбасарлары қазір қажылық сапарла жүр, сол себепті осы жобаға қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстары әлі аяқталмаған.

«Сіздерден кешірім сұраймыз. Осы пәтуәға қатысты ғылыми зерттеулер аяқталған уақытта хабар береміз» деп мәлімдеді орталық өкілдері.

Өзбекстан пәтуә орталының алғашқы мәлімдемесінде криптовалюталар шариғат талаптарына сай емес деп жазылған.

XS
SM
MD
LG