Тараптар Катарға Өзбекстаннан жұмыс күшін тарту мәселесі талқыланды. Өзбекстан еңбек мигранттарын оқытып, сол елге жіберуді ұйымдастырады. Бұл туралы "Дунё" ақпарат агенттігі хабарлады.
Былтыр маусымда Самарқанд қаласында екі елдің үкіметтері Катарға жұмыс күшін жіберу жөнінде келісімге қол қойған. Кездесуде оны жүзеге асыру әдістері талқыланған.
Катар жағының хабарлауынша, кейінгі он жылда шетел мамандары негізінен құрылыс саласына тартылған, ал қазір туризм, денсаулық сақтау, көлік, компьютерлік технология және басқа да салаларға маман қажет болып жатыр.
Әли бин Самих әл-Марри ең мигранттарын мемлекет қорғайтынын мәлімдеген. Бұған қоса, шетелден келген жұмысшылар Катарда әлеуметтік, медициналық сақтандыруға ие болады. Олардың ай сайынғы шығынын жұмыс беруші көтереді. Бұған қоса, шетелде жұмыс істейтін әйелдер құқықтарын қорғау жөнінде комиссия құрылған.