Райымбек Матраимов 26 маусымға дейін қамауда болады.
Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы Камчыбек Ташиев 2023 жылдың 2 қарашасында Райымбек Матраимов пен Камчы Көлбаевты "Қырғызстанда мафия құрды" деп айыптаған.
Райымбек Матраимов және туыстары Тілек, Руслан, Исламбек Матраимовтар 25 наурызда Бакуда ұсталып, Бішкекке әкелінген.
Райымбек Матраимов Қылмыстық кодекстің "Заңсыз еркінен айыру" және "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру" баптары бойынша тергеліп жатыр. Оған сонымен бірге "шекарадан заңсыз өтті" деген айып тағылып жатыр.