Ссылки доступа

Ташкентте "Ашғабад" саябағының басшысы 15 тәулікке қамалды


Сот Ташкенттегі "Ашғабад" саябағының жетекшісін әкімшілік қамауға алу жөнінде шешім шығарды.

Парк әкімшілігі 1 маусымда сағат 12. 00-де 20 мың жұмсақ ойыншық пен балмұздақты тегін тарататыны жөнінде әлеуметтік желіде хабарлаған.

Ташкент қалалық ішкі істер басқармасы саябаққа бір мезгілде 40 мыңға жақын адамды жинау мүмкін емес екенін, сонымен бірге жол қозғалысы және азаматтардың қауіпсіздігін сақтауды ескертіп, бұл шараны өткізбеуді талап еткен.

"Бірақ саябақ жетекшісі жаппай шараларды өткізу бойынша талаптарды орындамай, адамдардың көп шоғырлануын туғызып, қауіпсіздікке қауіп әкелді", - деп айтылады мәліметте.

Ташкенттің Яшнабад аудандық соты саябақ директоры және директор орынбасарын жауапкершілікке тартып, 15 тәулікке қамау жөнінде шешім шығарды.

XS
SM
MD
LG