Ссылки доступа

«Шекарасыз тілшілер» Қырғызстан билігін журналист Ақтілек Қапаровты босатуға шақырды


Халықаралық «Шекарасыз тілшілер» (RSF) ұйымы Қырғызстан билігінен қаңтардан бері тергеу изоляторында отырған журналист Ақтілек Қапаровты босатуды сұрады. Ұйым мәлімдемесі Х әлеуметтік желісінде жарияланды.

Халықаралық ұйым Қапаровпен бірге қамауда отырған журналистер Айке Бейшекеев, Азамат Ишенбеков және Махабат Тәжибек қызын да босатуға үндеді.

Осының алдында ғана БАҚ Қапаровтың тергеу изоляторында жазған хатын жариялаған. Журналист өзін тез арада босатуды, қылмыстық қудалауды доғаруды талап етіп, қолын тілген.

Артынша Жазаны орындау қызметі Қапаров сот залына кірер алдын қолын қаламсаппен тілгенін хабарлаған.

Ақтілек Қапаров 2024 жылғы қаңтардың ортасында ұсталған бірнеше журналистің бірі. Сол кезде милиция Temirov LIVE жобасына қатысы бар 11 адамды қамауға алған. Олардың бәріне билік өкілінің заңды талаптарына мойынсұнбады, азаматтарды тәртіпсіздікке үндеді деген айыптар тағылған.

Temirov LIVE жобасының негізін қалаушы Болот Теміров журналистердің ұсталуын оның тобының журналистік қызметімен байланыстырған.

XS
SM
MD
LG