24 мамырда өрт кезінде жарақат алған жұмысшы ертесі Ақсу қаласынан Павлодарға санитарлық ұшақпен ауруханаға жеткізілген еді. Оның денесінің 80-85% термикалық күйік шалған.
Екінші жәбірленуші, 1985 жылғы әйел оң қолынан күйік алып, амбулаторлық емделуге жіберілген.
Мәліметке сәйкес, 24 мамырда зауытта металл құйылған сүзгі аударылып кетіп, өрт шығып, №3 және №4 кран машинистері жарақат алған. Бұл оқиғаның себебі қазір зерттеліп жатыр.
70 мыңға жуық халқы бар Ақсу қаласындағы "Ақсу ферроерітпе зауыты" хром, кремний және марганец ерітіндісін өндіру бойынша ең бірі кәсіпорындардың бірі болып саналады. Ол "Еуразия тобының" (ERG) құрамына кіретін "Қазхром" компаниясының бір бөлігі.