Онда Қапаровтың сот залына кірер алдында, қолын кескені айтылған.
"Айыпталушымен сөйлесу барысында, ол 28 мамырда сот залына кірер алдында қаламсаппен қолын зақымдағанын айтты. Ол сонымен бірге абақты қызметкерлеріне ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, түсініктеме беруден бас тартты. Бұл жәйтқа байланысты мекеме қызметкерлері тиісті акт толтырды", - делінген жазаны атқару қызметінің хабарламасында.
Бұл оқиға бойынша Омбудсмен институтының өкілдері журналистпен кездескен.
Қапаровтың хаты 30 мамырда әлеуметтік желіде тарады. Онда ол бес ай бойы абақтыда отырғанын, тергеушілер бұл уақытта мүлдем тергеуге шақырмағанын, тек қысқа ғана, іс сотқа барғанда ғана сұрауға алғанын жазған. Ол сонымен бірге Temirov LIVE және "Айт, Айт десе" жобаларында былтырдан бері жұмыс істемейтінін жеткізген.
Ол өзін босатуды талап етіп, наразылық ретінде қолын кескенін де білдірген.
Ақтілек Қапаров биыл қаңтар айында Temirov LIVE жобасының қызметкерлерімен ұсталған 11 журналистің бірі.
Қапаровтан бөлек қазір абақтыда Айке Бейшекеева, Азамат Ишенбеков және Махабат Тажибек қызы да отыр. Қалғандары қолхатпен үйқамаққа босатылған.