Ссылки доступа

Өзбекстанда археологтар екі мың жыл бұрынғы қаланың орнын тапты (видео)


Өзбек-қытай археологтарынан құралған бірлескен экспедиция Өзбекстанның Сұрхандария облысы аймағынан екі мың жыл бұрынғы қаланың қалдықтарын тапты. Бұл туралы облыс әкімшілігінің баспасөз қызметі білдірді.

Экспедиция аясында археологтар Узун ауданы аймағынан төрт мың жылдық бейіттерді және екі мың жыл бұрынғы қаланың қалдықтарын тапқанын мәлімдеді.

Қазу жұмыстары кезінде ыдыс-аяқ, қару-жарақ, зергерлік бұйымдар және қала мұнарасының қалдықтары табылды.

Ғалымдардың пікірінше, бұл табылған дүниелер Кан, Кушан және Юэчжи (Массагеттер) дәуіріне, яғни б.з.ч. II және б.з. III ғасырға тиесілі.

Өзбек-қытай археологиялық экспедициясы аймақта іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

XS
SM
MD
LG