Бас прокуратура мәліметінше, марқұмның өлі денесі 23 мамырда түрмедегі өндіріс цехынан табылған.
Мәліметтерге қарағанда, сарапшылар оның денесінен азаптау іздерін таппаған. Марқұм денесінде арқан ізі ғана қалған.
Алайда жас жігіттің туыстары оның өліміне түрмедегі азаптау себеп болуы мүмкін деп есептейді. Олар жазасын өтеуші асылып өлді дегенге сенбей отыр. Осының алдында ғана жас жігіт анасына түрмеде азаптайтынын айтқан.
«Эзгулик» құқық қорғау қоғамының хабарлауынша, марқұмның анасы ұлының денесінде азаптау іздері болғанын айтқан, ал 11 мамырда жазасын өтеуші үйге хабарласып, түрмеде азаптап жатқанын жеткізген.
Қазір Пап аудандық прокуратурасы тергеу алдындағы тексеру жүргізіп жатыр.