Сот басталғанын Өзбекстан Жоғарғы сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Мәліметке қарағанда, 2023 жылғы 28 қарашада Ташкентте ұсталған Бахтиер Кудратуллаевқа кісі өлтіру, соққыға жығу, еркінен тыс ұстау, бопсалау, алаяқтық жасау, қылмыстық топ құру, қылмыстан түскен ақшаны заңдастыру, есірткі сақтау, бұзақылық айыптары тағылған.
Былтыр қарашада Өзбекстанда «көше бандасына» қатысы бар адамдарды жаппай ұстау науқаны жүрген. Рейд барысында қылмыс әлеміне қатысы бар 200-ге жуық күдікті ұсталған. Олардың арасында Сәлім Абдуәлиев, Аббас Хажиев сынды дөкейлер бар. Олар Ташкентті «ұстайды» деп айтылады.
Бұның алдында Ташкент қалалық соты 19 наурызда Мирабад аудандық соты Сәлім Әбдуәлиевті 6 жылға соттағанын хабарлаған.