Сағымбаев арнайы қызметтің бір жыл ішіндегі жұмысының қорытындысы жөнінде мәлімет берді. Атап айтқанда, жыл басынан бері екі терактың алдын алғанын, оның ішінде біреуі шетелде дайындалғанын жеткізді.
Террорлық және экстремистік қызметі үшін 26 адам сотталған, тағы 22 адам бойынша тергеу жүріп жатыр.
Ақпаратқа қарағанда, 139 шетел азаматына республикаға кіруге тыйым салынған, "экстремистік көзқарастарға байланысты" 280-ден астам шетел азаматы Қазақстаннан шығарылды.
Бұдан бөлек, елде тыйым салынған діни әдебиеттерді заңсыз алып келу әрекетіне бөгет қойылғаны айтылды. 19 шетел азаматы жауапқа тартылған.
Кіруге тыйым салынған және депортацияланған адамдардың азаматтығы жөнінде мәлімет айтылмады.