Таиланд әлемнің 36 елінің азаматтарына визасыз тәртіп енгізіп отыр. Енді осы елге барған туристер қазіргідей 30 күн емес, 60 күн бойы визасыз жүре алады.
Үкімет өкілі Чай Вачаронның айтуынша, Таиландқа визасыз кіре алатын елдер саны 57-ден 93-дейін өскен.
Виза алымынан түсетін кіріс азаяды, есесіне туристер әкелген қаражат есебінен табыс ұлғаяды.
Жоғары оқу орындарында білім алатын шетелдік студенттер оқуды бітіргеннен кейін осы елде бір жыл бойы еркін жүре алады. Бұған дейін олар Таиландтан бірден кетуі керек болған.
Үкімет жарлығы 1 маусымда күшіне енеді.