Оқ тиіп, пышақ жарақатын алғандардың бәрі – 18 бен 22 жас аралығындағы адамдар.
Дәрігер-травматолог Жасұлан Ұрымбаевтың айтуынша, 18 жастағы жігіт ауруханаға сағат түнгі екіде түскен кезде клиникалық өлім жағдайында болған. "Оқ тиіп, пышақ жарақатын алған пациенттің өмірін сақтап қалуға реанимациялық іс-шара істелінді. Бірақ одан нәтиже болмады", – деді дәрігер.
Ұрымбаевтың сөзінше, жараланғандардың бәрінің аяғына оқ тиген. Қазір олар жатқан палатаны полиция күзетіп тұр.
Ақтөбе полициясы осы іске байланысты күдікті төрт адамды ұстағанын хабарлады. 18-22 жас аралығындағы күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған. Полиция "Адам өлтіру" және "Бұзақылық" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.