Министрліктің ақпараты бойынша, қосымша қаржыландыру көлемі 13,6 млн долларды құрайды. Оның 11 млн доллары процентсіз несие ретінде 50 жылға беріледі, ал 2,6 млн доллары Орталық Азиядағы су-энергия бағдарламасы (CAWEP) аясында Көпсалалы мақсатты қордан грант ретінде бөлінеді.
Былтыр қараша айында Қырғызстанның үкімет басшысы Ақылбек Жапаров ГЭС салу үшін Дүниежүзілік банктен 500 млн доллар несие алатынын мәлімдеген. Осыған дейін Дүниежүзілік банк 5 млн долларға жуық қаржы бөлген.
2022 жылы қырғыз үкіметі "Қамбар ата-1" жобасына 1,5 млрд сом бөлген. Ел президенті Садыр Жапаров ГЭС салынып біткен соң, 12-13 жылдан кейін елге пайдасын әкелетінін мәлімдеген.