Аталған мекеме мәліметінше, ұсталғандардың 27,5 мыңы Қытайдан келген, 8,9 мыңы Үндістаннан, 7,8 мыңы Түркиядан, 4,4 мыңы Мавританиден, 3 мыңға жуығы Вьетнам және 5,6 мыңға жуығы Гвинеиден келген.
Мигранттардың көбі Америкадан жақсы өмір іздейтінін жеткізген.
"Менің ағылшын тілім жақсы емес, Құрама Штаттарда ешкімім жоқ. Мен ол жақта бәрін жаңадан бастау керек екенін білемін. Бірақ мен жақсы өмір сүргім келеді. Балаларымның болашағы үшін АҚШ-та тұрғым келеді", - дейді мигранттардың бірі.
2023 жылы АҚШ-тың оңтүстік-батыс шекарасынан АҚШ-қа 2,5 миллион мигрант барған. Олардың көбі Америкаға кірген.
Былтыр Орталық Азиядан барған мигранттар саны 50 мыңнан асқаны айтылған. Олардың 17 мыңы Өзбекстаннан, 7 мыңы Қырғызстаннан, 3 мыңы Тәжікстаннан, 2 700 Қазақстаннан және 2 мыңы Түркіменстаннан барған.
Биыл да АҚШ-қа барып жатқан орталықазиялықтар саны көбеймесе азайып отырған жоқ дейді сарапшылар.