Владимир Путин мен Шавкат Мирзияевтің «кең құрамдағы» келіссөздері кезінде Ресей басшысы газ 7 қарашада Қазақстан арқылы Өзбекстанға жеткізіле бастағанын мәлімдеді. «Қазір экспорт жоспардағы көрсеткіштен озып келе жатыр, қажет болса оны ұлғайтуға дайынбыз» деп мәлімдеген Путин.
Еуропаға газ сата алмай қалған Ресей былтыр көгілдір отынды Орталық Азиядағы екі елге сатуға көшкен. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 7 қарашада, Путиннің туған күні, Мәскеуге ұшып барған. Сол кезде Тоқаев Ресей және Өзбекстан басшыларымен бірге Ресей газын Қазақстан арқылы Өзбекстанға жөнелту салтанатына қатысқан.
Ресей президенті 26 мамырда кешке Өзбекстанға сапарлап барды. «Коммерсант» мәліметінше, Путин дүйсенбіде Ташкентте түнеді, ал бүгін баспасөз конференциясын өтізеді.