Ссылки доступа

Қазақстан ТЖМ өртпен күрес қызметі төрағасына қатысты іс сотқа өтті


Қазақстан жемқорлықпен күрес қызметі 28 мамырда төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі өртпен күрес қызметінің төрағасы, Шымкент  қалалық және Жетісу облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің басшыларына қатысты тергеу аяқталғанын жариялады.

Мекеме мәліметінше, шенеуніктер бизнес өкілдерінен 40 млн теңгедеген астам (шамамен 90,5 мың доллар) пара алған деген күдікпен істі болды.

Қылмыстық істі Ақмола облыстық гарнизонының әскери сотында қаралып жатыр. Істің басқа да жайттары жарияланбай отыр.

Биыл ақпанда Қазақстан төтенше жағдайлар жөніндегі министр қызметіне Шыңғыс Арынов тағайындалған.

Transparency International ұйымының есебінде Қазақстан жемқорлық индексі бойынша 180 елдің ішінде 93-орында тұр.

XS
SM
MD
LG