Жоғарғы сот тізімге енген ұйымдармен қызметтесуге, әлеуметтік желілерде постарымен бөлісуге, "лайк" басуға тыйым салынғанын ескертеді.
Атап айтқанда, бұл тізімде Исламның қайта өркендеу партиясы, "Әл-Каида", "Талибан", "Группа 24", Pamir Daily News, "Жаңа Тәжікстан-2", "Салафия", "Ансоруллох", "Вилаят Хорасан"-ИМ кіреді.
Бұлардың арасындағы Ислам партиясы, Группа 24 және Pamir Daily News өздерін тәжік үкіметіне оппозициямыз деп санайды. Аталған ұйымның өкілдері 2014 жылы Тәжікстаннан қашып кетуге мәжбүр болған.
Тізімге енген "Талибан" ұйымы 2021 жылы Ауғанстан билігіне келген. Ал тізімдегі Иегова куәгерлері ислам ағымдарына жатпайтын жалғыз ұйым. Ресми Душанбе бұл ұйым "Дін және діни ұйымдар жөніндегі" заңды жиі бұзатынын айтады.