Бұл туралы Шешенстан басшысы өзінің Telegram-арнасында хабарлады.
Өзбекстанда шешен делегациясын Ташкент қаласының әкімі Шавкат Өмірзоқов, Өзбекстан президентінің күйеу баласы Отабек Умаров және басқа да жауапты адамдар қарсы алды.
Сол күні Рамзан Қадыров Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Әріповпен кездесті.
Шешенстан басшысының айтуынша, шешендер Өзбекстанды жылы қабылдайды, өйткені мұнда кезінде Шешенстанның бірінші президенті, әкесі Ахмат Қадыров оқыған.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ресей президенті Владимир Путин екі күндік сапармен Өзбекстанға барған.