«Көңіл көтеретін орындардың бірінде ол стендап орындау кезінде жиналған адамдарды балағаттап, сол әрекеті арқылы қоғамдық тәртіпті бұзған» деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Ақпарат агенттіктерінің мәліметінше, әкімшілік жазаға тартылған стендап-комик – Нұрасхан Басқожаев.
BES.media басылымының хабарлауынша, Басқожаев концерттердің бірінде былапыт сөз айтып, жергілікті instagram-блогерді әзілге қосқан. Ол блогер кейін сотқа беретінін мәлімдеген.
Сот үкімі заң күшіне әлі ене қойған жоқ.
Былтыр Қазақстан қоғамдық орындарда былапыт сөз айтқандарға жазаны күшейтетін заң қабылдаған. Осы заңды бұзғандар 69 мың теңге айыппұл төлейді, 15 тәулікке қамалуы да мүмкін. Тәртіп екінші мәрте бұзылған жағдайда 30 тәулікке қамау әкімшілік жазасы қолданылады.