Ссылки доступа

Өзбекстан кеденшілері автобус дөңгелегіне жасырылған 59 кг бағалы затты тауып алды (видео)


Өзбекстанның Ташкент облысында өзбек-қазақ шекарасындағы "Гишткуприк" (Жібек-Жолы) бекетінде кеден қызметкерлері Өзбекстаннан заңсыз шығарылмақ болған 59 кг күміс заттарды тауып алды.

Облыстық кеден комитетінің хабарлауынша, Өзбекстаннан Қазақстанға қатынайтын жолаушы автобусын тексеру кезінде оның қосалқы дөңгелегінен 59 кг зергерлік бұйымдар табылған.

Құқық қорғаушылар контрабанда тауарының құны 1,7 млрд сум ($133 мың) болады деп есептеді. Тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG