Құқық қорғаушылардың айтуынша, қыздың аяғы ауыр екенін мектеп мұғалімдері хабарлаған. Қыздың анасы осыдан кейін милицияға арыз берген.
Тексеру барысында оқушы қыздың жүктілігі 26 аптаға барған. Күдікті ретінде 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталған.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров кәмелет жасқа толмағандарды зорлаған қылмыскерлердің жазасын күшейтуді көздейтін заңға қол қойды.
Заңға сәйкес, енді сот кәмелет жасқа толмаған баланы зорлаған уақытта 60 жаста болған қылмыскерді өмірлік түрме жазасына кесе алады. Бұған дейін осындай қылмыс жасаған 60-тан асқан адамдарға мұндай жаза қолдану мүмкін емес еді.
Бұған қоса, балаға зорлық көрсеткендерге айыптау үкімі қылмыскерге жаза белгіленбейінше шығарылмайды.
2024 жылғы қаңтарда Қырғызстан зорлыққа қатысты қылмыстық істерді тараптардың татуласуына байланысты жабуға жол бермейтін заңды мақұлдаған.