Қаржы полициясы төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов парламент ғимаратына келген уақытта журналистерге осылай деп мәлімдеді.
Ресми мәлімет бойынша, Боранбаев мемлекетке 134,5 миллиард теңге қайтарған, бірақ шыған одан да көп болуы мүмкін, өйткені Боранбаевқа қатысыт тергеу әлі аяқталған жоқ.
«Оның осы уақытқа дейін жапқан шығынын ғана атадым. Қылмыстық іс әлі жабылған жоқ. Тергеу жүріп жатыр. Шығын одан да көп болуы мүмкін» дейді Жеңіс Елемесов.
Оның айтуынша, Қайрат Боранбаев бюджет қаражатын жымқырды, салықтан жалтарды деген күдікке іліккен.
2023 жылғы наурызда сот Қайрат Боранбаевты өзгенің мүлкін иемденді, қылмыстан түскен ақшаны заңдастырды деп танып, сегіз жылға соттаған.
2023 жылғы қыркүйекте Астанадағы апелляциялық сот Боранбаевқа алты жыл белгілеп, мүлкін тәркілеу жөнінде шешім шығарды.
Қазан айында кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың түрмедегі мерзімін бостандығын шектеу жазасына ауыстырғаны мәлім болды. Қарашаның басында ол бостандыққа шықты.
Боранбаев Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын адамдары қатарына кірген. Оның қызы Алима Боранбаева экс-президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шыққан.