Атырау облысындағы Жалғансай ауылы маңында Жайық өзенінің сағасындағы су деңгейі көтерілген. Су жолдарды басқан. Құтқарушылар қорғаныс бөгетін нығайтуға кірісіп, ауыл ішіндегі жол бойын жағалата құм төкті. Ауыл тұрғындарына хабар берілді.
Жалғансай ауылын су басу қаупі күшейгендіктен тұрғындар Махамбет ауылына көшірілді. Уақытша тұрақ жергілікті мектепте ұйымдастырылды. Таңға жуық мұнда 154 адам, соның ішінде 96 бала жеткізілді.
Жалғансайдың өзінде жол бойын жағалата ұзындығы 800 метр, биіктігі бір жарым метр болатын қорғаныс бөгеті тұрғызылды. Құм салынған 7 мыңнан астам қап тасталды. Басып қалған жерлердегі су сорылып жатыр.
Тұрғын үйлерге су кірмеді. Құтқару жүмыстарына 812 адам жұмылдырылды.
Министрліктің 23 мамырда таңертең жариялаған мәліметінше, республика бойынша 61 668 адам үйге қайтты. Эвакуация пукнтерінде 5498 адам қалды.
11 312 тұрғын үй құрғатылды. 24,4 млн текше метр қызыл су сорылды. 8 миллионнан астам құм салынған қап тасталды.