Ссылки доступа

Тәжікстанда балгер және көріпкел деп келген 50-ден астам адам ұсталды (видео)


Тәжікстанда көріпкел және балгер қызметін көрсетіп жүрген 50-ден астам адам ұсталды. Бұл жөнінде 21 мамырда "Азия Плюс" басылымы елдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, рейд Соғды облысы Гафур ауданында жүрген.

Милиция хабарлағандай, ұсталғандар ақша табу мақсатында аудан тұрғындарына және көрші аймақтан келгендерге әртүрлі алаяқтық қызмет көрсетіп келген. Ұсталғандардың көбіне хаттама толтырылып, біріне қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болды.

Көріпкел және балгерлікке тыйым салынған бап Тәжікстанның Қылмыстық кодексіне өткен аптадан бастап қосылған.

Биыл сәуірде Қырғызстан парламентінде де бұл қызмет түрлеріне тыйым салу ұсынылған.

Депутаттар "Жарнама жөніндегі" заңға өзгерістер мен түзетулер енгізу қажеттігін айтқан. Себебі, алданып қалып жатқан адамдардың қарасы өте көп екенімен түсіндірген.

XS
SM
MD
LG