Президент Шавкат Мирзияевтің тапсырмасымен, Өзбекстаннан жөнелтілген гуманитарлық көмек Ауғанстанда су тасқынынан қатты зардап шеккен тұрғындарға беріледі.
Ауғанстанның Балх провинциясына жеткізілген жүкте 48 тонна ұн, 22 тонна күріш, 100 мың банкі бұқтырылған ет, 44 тонна макарон, 25 мың литр өсімдік майы, 100 мың дана тез пісірілетін лапша, 10 адамға шақталған 100 шатыр және ауыз су сақтайтын 98 үлкен құты бар.
Мәліметтерге қарағанда, Ауғанстандағы су тасқыны салдарынан 400-ден астам адам қаза болған.