Кремль таратқан мәліметте Путин Өзбекстанға нақты қай күні сапарлап баратыны айтылмаған.
Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі де Шавкат Мирзияевтің ресейлік әріптесі Владимир Путинмен телефонмен сөйлескенін растады. Алайда ресми мәліметте Путиннің Өзбекстанға сапары сөз болғаны жөнінде ештеңе айтылмады.
2023 жылғы наурызда Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путинді тұтқынға алуға ордер шығарған. Сот оған Украина аумағынан балаларды заңсыз депортациялауға байланысты айып таққан. Содан бері Путин Рим мәртебесі мақұлданған елдерге, соның ішінде Ресейге «дос» мемлекеттерге де сапарлап барған емес.
Өзбекстан Рим мәртебесін мақұлдамаған. Путин Гаага соты орден шығарғаннан кейін уақытта алғаш рет Өзбекстанға сапарлап бармақ. Соңғы мәрте Путин Өзбекстанға 2022 жылғы қыркүйекте – ШЫҰ елдері басшыларының кеңесіне қатысу үшін барған.