Ссылки доступа

Ташкентте қылмысты топтардың тағы үш мүшесіне үкім шықты


Өзбекстанда соттар былтыр "көше бандаларын" және қылмысты топтардың мүшелерін анықтау бойынша ірі рейдтердің жүруі кезінде қамалған тағы үш адамға үкім шықты. Бұл туралы Ташкент қалалық ішкі істер басқармасы білдірді.

30 сәуірде Мирабад аудандық соты Хасан Сабиржанов пен Хусан Сабиржановты "Бірнеше рет және қауіпті рецидивист тарапынан жасалған бұзақылық" және "Алаяқтық" баптары бойынша кінәлі деп тапты.

Хасан Сабиржанов 4 жыл 9 айға, оның бауыры Хусан Сабиржанов 4 жыл 10 айға еркінен айырылды.

3 мамырда Үчтепе ааудандық соты Марат Уразовты келтірген зиянның орнын толтырғанан есепке алып, оны да жоғарыдағы бап бойынша 1 жыл 9 ай 27 күнгө түзету жұмысына шығарған.

Былтыр қараша және желтоқсан айларында құқық қорғау органдары қылмысты топтарды анықтау және қамау бойынша ірі рейдтер жүргізілген.

XS
SM
MD
LG