Ссылки доступа

Қазақ-қырғыз шекарасынан заңсыз өтпек болған пәкістандықтар ұсталған


Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) 20 мамырда қырғыз-қазақ шекарасынан заңсыз өтуге әрекеті кезінде Пәкістанның алты азаматы қамалғанын білдірді.

Мекеме баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, олар 20 мамырда сағат 3:30-да қырғыз-қазақ шекарасындағы "Васильевка" шекара бекетіне қарасты аймақта Қазақстан тараптан Қырғызстан шекарасына заңсыз кіруге әрекет еткен.

Бұл факт бойынша ҰҚМК тергеу бөлімі Қылмыстық кодекстің 378 бабы ("Мемлекеттік шекарадан заңсыз өту") бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Президент Садыр Жапаров 20 мамырдағы үндеуінде де тиісті органдар Қырғызстанда заңсыз жүрген мигранттарды анықтап, заң аясында шара жүргізіп жатқанын айтқан.

XS
SM
MD
LG