Осының алдында Сенат депутаттары екі ел арасындағы одақтастық туралы келісімді мақұлдаған.
Құжатқа екі елдің президенттері 2022 жылғы 22 желтоқсанда Ташкентте қол қойған.
Келісім саясат, сауда-экономика, көлік және тасымал, энергетика, мәдениет және гуманитария, азаматтық қорғаныс және энергетика, сонымен бірге халықаралық аренада әріптестікті нығайтуды көздейді.
Бұған дейін хабарланғандай, бір тараптың пікірінші, үшінші бір мемлекет қарулы қауіп төндірген жағдайда, Астана мен Ташкент шара қолдану үшін тез арада кеңесуі керек. Сарапшылардың бірқатары осы құжатты Ресейдің көрші Украинаға әскермен басып кіруіне жасалған реакция деп қарастырады.