Оның сөзінше, екі вахталық қызметтің 40 жұмысшысы наразылық білдірген. Олар ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Маңғыстау облыстық департаменті басшысына, облыс прокурорына және еңбек инспекциясы башкармасы жетекшілігіне видеоүндеу жасаған.
Жұмысшылардың айтуынша, компания жетекшілігі оларды 15 мамырда заңсыз жұмыстан кетірген. Жиналғандар басшылықтың бұл шешімін жоюды және оларға жұмыс орындарын қайтаруға рұқсат беруді талап етіп жатыр. Жұмысшылар талаптарының орындалмай жатқанын айтады.
2023 жылдың желтоқсан айында компания жұмысшылары өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша міндетті оқудан өтіп, сертификация кезінде талап етілген ұпайды жинай алмай қалған. Осыдан соң олар бірнеше рет басшылықтан оқу орталығын алмастыруды талап еткен. Бірақ бұл талап орындалмағаннан кейін жұмысшылар басқа орталықтан оқудан өтіп, сертификация бойынша тиісті құжаттрын алғаннан кейін жұмысын жалғастырған. Алайда 15 мамырда бұл құжатты жарамсыз деп танып, жұмыстан шығару шешімі қабылданған.
Жұмысшылар 2021 жылы әлеуметтік жағдайды жақсарту талабымен өткен наразылық акциясында белсенді болғаны үшін шеттетті деп санайды.