Ссылки доступа

Бішкек: 13 мамырдағы төбелеске күдіктілер ұсталды


Бішкектегі жатақханада шетел азаматтарын соққыға жыққан деген күдіктілер ұсталды.

ІІМ хабарланғандай, оларға "қарақшылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Күдіктілердің 2006 жылы туған М.Н., 2005 жылы туған Ш.Т., 2005 жылы туған Н.Б. деген азаматтар екені анықталған.

Қырғызстан ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 13 мамырға қараған түні азиат нәсілді белгісіз адамдар тобы Бішкектің "Восток-5" шағын ауданында шетел студенттерін кездестіріп, олардан темекі сұраған. Арада жанжал болып, студенттер Атай Огонбаев көшесіндегі хостелге қашқан. Белгісіз адамдар тобы шетел азаматтарының артынан жатақханаға барып, онда тұратын басқа азаматтарға күш қолданып, қолма-қол ақшасы мен заттарын алған.

Ресми мәлімдемеге сәйкес, шетел азаматтарына шабуыл жасаған белгісіз төрт адам "әртүрлі бөлмеге кіріп, есіктерді құлатқан". "Олар қыздар тұратын бөлмелерге кірген, шу мен айқайға жатақханада тұратын басқа шетел азаматтары шыққан, олар да жиналып, келгендерге қарсы тұрған " деп хабарлады қырғыз полициясы.

Елдің ішкі істер министрлігі 18 мамырға қараған түні қалада жиналғандар саны 700-ге жетті, ал таңертең олардың бәрі тарады деп хабарлады.

Бішкек милициясы қылмыстық кодекстің 278-бабы ("Жаппай тәртіпсіздік") және 330-бабы ("Нәсілдік, ұлттық, діни немесе аймақаралық араздықты қоздыру") бойынша іс қозғалғанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG