Ссылки доступа

Самарқандта бес жастағы бала тоққа соғылып қаза болды


Самарқанд облысы Нурабад ауданында бес жастағы бала тоққа ұрынып қаза болды. Бұл туралы Өзбекстанның Балалар омбудсмені мәлімдеді.

Тергеу барысында бала Чункаймыш ауылы "Омондара" махаласындағы дөңесте жайғасқан үйлердің бірінде 150-170 сантиметрлік биіктікте тартылған электр сымын ұстап қалғаны белгілі болған. Ол сол жерде жан тәсілім еткен.

Бұл жағдайға байланысты "Аймақтық электр желілері" компаниясының Самарқанд облыстық өкілдігін тексеру басталды.

Нурабад аудандық прокуратурасы оқиға бойынша тергеуге дейінгі тексеруді бастады. Балалар омбудсмені істі бақылауға алғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG