Тәліптерден құралған ауған үкіметі сыртқы істер министрлігінің өкілі Абдул Матин Канидің хабарлауынша, осы шабуылдан кейін төрт адам тұтқындалған. Шенеунік мәліметіне қарағанда, атыстан үш шетел туристі ғана емес, тағы бір ауған азаматы қайтыс болған. Бұған қоса, төрт шетел азаматы мен үш ауған азаматы жараланған.
Шабуыл болған Бамиан қаласы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасы нысаны саналады. Осындағы тарихи және мәдени ескерткіштерді көруге әлемнің әр түкпірінен туристер көп келеді. 2001 жылы тәліптер Бамиандағы Будда ескерткішін жарып жіберген.
2021 жылы Ауғанстанда билікті қайтадан басып алған тәліптер қауіпсіздікті қалпына келтіруге, елге туристердің келуіне жағдай жасауға уәде берген. Будданың қиратылған ескерткіші тұрғын орынды көруге билет сатылатыны айтылған.
Испан туристерінің өлімі шетел әскері Ауғанстанға кіріп, кейін 2021 жылы тамызда тәліптер билікті қайтарып алған уақыттан бергі ең ауыр шабуылдардың бірі деп саналады.