20 мамырда Баткен ауданы әкімшілігінің хабарлауынша, тараптардың кездесуі Тумба шекара ауданындағы Ақ-Сай ауылында өтті.
Екі жақтың құқық қорғау органдары шекарадағы аудандарда ешқандай тәртіпсіздік болмас үшін аянбай жұмыс істеуге келісті. Әсіресе 25 мамырда мектептерде соңғы қоңырау соғылатын күнге ерекше мән беріледі.
Жүздесуге екі жақтың қарулы күштерінің өкілдері де қатысқан.
Тараптар халықты тәртіп сақтауға, арандатуға жол бермеуге шақыруға келісті.
Шекарадағы аудандардың тұрғындары екі ел арасындағы шекара әлі анықталып бітпеуіне байланысты жиі қақтығысып қалып жатыр. 2021 және 2022 жылдары осындай жанжалдардың арты қарулы қақтығыстарға ұласқан. Бірнеше адам қаза тапқан.
Қырғызстан мен Тәжікстан 970 шақырымдық ортақ шекарасын белгілеуге күш салып жүр.