Ссылки доступа

Өзбекстан бюджет тапшылығын жабу үшін алтын сатып жатыр


Өзбекстан алтын бағасы шарықтап тұрған уақытта қордағы қымбат металды көптеп сатып жатыр. Билік соның арқасында мемлекеттік бюджет тапшылығын жабуға тырысады. Алайда экономистер стратегиялық активтерді сатып жатқан үкіметті сынап отыр.

Наурыз айында Өзбекстан әлемде алтын сатудан бірінші орын алды. Бір айда Ташкент 11 тонна стратегиялық қорын өткізген. 10 тонна алтын сатқан Таиланд қана Өзбекстаннан сәл қалып қойды. Дүниежүзілік алтын жөніндегі кеңесінің осындай мәлімет айтылды.

Әлемдегі орталық банктердің көбі баға металл қорын жинауға тырысады, алайда Өзбекстанға осыған дейін алтын қорын жинап келген. Енді, экономикалық мәселелер көбейіп кеткен уақытта, алтын сату стратегиясын ұстанғаны дұрыс сияқты көрінеді.

Сарапшылардың пікірінше, алтын саудасына тәуелділік экономикада қиындық барын көрсетіп отыр.

1 мамырдағы жағдай бойынша Өзбекстанның валюта қоры 34,2 миллиард доллар, солардың шамамен 26,5 миллиард доллары алтын түрінде сақталған.

XS
SM
MD
LG