Соған байланысты ішкі нарықта да автокөлік сату көрсеткіші төмендеген, баға арзандаған. Сәуірдің аяғында Қырғызстаннан Ресейге автокөлік экспорттау тыйылған.
«Автостат» агенттігінің мәліметінше, 2024 жылғы алғашқы үш айда Ресейге сырттан 295,7 мың автокөлік әкелінген. Олардың 66,4 пайызы Жапониядан, ал 24,6 пайызы Қырғызстаннан жеткізілген.
Ресей үкіметі 1 сәуірден бастап автокөліктерге утиль алымын көтеріп жіберді. Мұндай жағдай Қырғызстанның автокөлік нарығына да әсер етіп, сұраныстың азаюына байланысты автокөлік ішкі нарықта 20 пайыз арзандаған.