Ссылки доступа

Өзбекстанның тоғыз облысында сел жүру қауіпі ескертілді


16-22 мамыр күндері болжанған нөсер жаңбырдан кейін Өзбекстанның бірқатар аймақтарында сел жүруі мүмкін. Бұл жөнінде "Узгидромет" мекемесі хабарлады.

Мәліметке қарағанда, бұл күндері Қашқадария, Сұрхандария, Самарқанд, Жызақ, Навои, Ферғана, Әндіжан және Ташкент облыстарының бірқатар аудандары мен қалаларында сел жүру қауіпі жоғары.

"Өзгидромет" таулы және тау жиегінде тұратын тұрғындарды және тауға барған адамдарға барлық сақтық шараларын қолдануға шақырды.

Биыл Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстанда су тасқыны болып, қаза болғандар хабарланды.

XS
SM
MD
LG