Сот шешімі бойынша Мухаммадсобир Файзов, Далержон Мирзоев, Мурадали Рачаболизода және Шамсидин Фаридуни 22 тамызға дейін қамауда болады. Олардың бәрі - Тәжікстан азаматтары. Айыпталушылар сот залына кісенделіп, арнайы киіммен жеткізілді.
"Интерфакс" агенттігі хабарлағандай, сот отырысы жабық өткен.
16 мамырда сот тағы төрт айыпталушыны қамауда қалдырды. Олар: Назримад Лутфуллои, Жумахон Курбонов, Якубжон Юсуфзода және Мухаммад Шарипзода.
Биыл 22 наурызда болған "Крокус Сити Холлдағы" терактіден 144 адам қаза тапты.
Бұл теракт үшін жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" террорлық ұйым мойнына алды.