Құжат түсіндірмесінде уран және торий секілді пайдалы қазбаларды өндіру Қырғызстан экономикасының маңызды бөлігіне айналуы мүмкін екендігі айтылған.
Үкіметтің уран өндірісіне рұқсат бергелі жатқаны биыл ақпанның аяғында мәлім болған.
Президент Садыр Жапаров 19 ақпанда биліктің Ыстықкөл облысы Қызыл-Омпол уран кенішіне қатысты жоспары туралы хабарлаған. Сол кезде Жапаров осы кеніште өндірілетін жыныста уран үлесі тым аз екенін, оның экологияға ешқандай зияны жоқтығын айтқан.
Президент әкімшілігінің мәліметінше, Қызыл-Омполда шамамен 14 млн 757 мың тонна кен бар. Оның 95% титаномагнетиттен, 3% фосфордан, 2% цирконийден, 0,22% торий және 0,17% ураннан тұрады.
Қырғызстан үкіметі Қызыл-Омпол уран кенішін 2019 жылы өндірмек болған. Алайда азаматтық белсенділер мен жергілікті тұрғандар оған жол бермеген. Содан кейін Жогорку Кеңеш Қырғызстан аумағында уран мен торий өндірісіне тыйым салатын заң қабылдаған. Құжатқа сол кездегі президент Сооронбай Жээнбеков қол қойған.