Құрылыс министрлігінің хабарлауынша, Самарқанд махалласында салынатын сауда кешенінің орнында терең шұңқыр қазып жатқан уақытта сол маңдағы бір үй зақымданған.
Жергілікті әкімшілік осы оқиғадан ешкім зардап шекпегенін хабарлады.
Мәліметтерге қарағанда, Бас прокуратура құрылысты дұрыс жүргізбегендердің үстінен қылмыстық іс қозғаған. Үй иесі материалдық шығынды 300 мың доллар деп бағалаған.