Мәліметке қарағанда, оқиға 16 сәуірде ұшақ әуе көтерілер қарсаңында болған. Ауа райы қолайсыздығына байланысты рейс кідірген. Жолаушылардың біріне (1979 жылы туған) ұшақтың кешігуі ұнамай, жанжал шығарып, өзін ұшақтан түсіруді талап еткен.
Әйелді экипаждың екі мүшесі мен басқа да жолаушылар сабырға шақыруға тырысқан. Ақыр соңында жанжал екі әйелдің төбелесіне ұласқан.
Полиция ұшақтың ұшуын тағы екі сағатқа кешіктірген екі әйелді рейстен түсіріп тастады. Uzbekistan Airways әуе компаниясы 5 мың доллардан астам шығынға ұшырады.
Департамент осы оқиғаны тексеріп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы сотқа жолдады.