Ссылки доступа

Өзбекстанда жас жігіт бесінші қабаттан автокөлік үстіне құлап түсті (видео)


Хорезм облысы Үргеніш қаласында прокуратура 17 жастағы жасөспірімнің бесінші қабаттан құлауын тексеріп жатыр. Бұл туралы Өзбекстан бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Хает Шамсутдинов хабарлады.

Осының алдында әлеуметтік желілерде 2007 жылы туған жасөспірімнің Үргеніштегі көп қабатты үйлердің бірінің бесінші қабатынан Captiva автокөлігінің үстіне құлағаны туралы видео тараған.

Шамсутдиновтің айтуынша, жас жігіт ауруханаға жеткізілген. Қазір ол ем қабылдап жатыр.

Прокуратура оқиғаны тексере бастады.

XS
SM
MD
LG